Павлодар облысында үйлер су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында үйлер су астында қалды @Екатерина Маркова

Павлодар облысында үйлер су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жеке сектор мен Ақсу ауылындағы жиырмаға жуық үйді су басқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында үйлер су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жеке сектор мен Ақсу ауылындағы жиырмаға жуық үйді су басқан.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, құрылысшылар республикалық "Омск-Майқапшағай" жолын тұрғызу кезінде су өткізетін құбыр төсемеген. Нәтижесінде үйлерді топан су басты. 

"Құрылысшылар жаңа жолды салған кезде су өткізетін құбыр төсемеген. Нәтижесінде жоспар бойынша су ағызылмай, Ақсудағы 10 үй мен 20 жер телімін су басты. Судың деңгейі 30-50 сантиметр аралығында", - деді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қаршыға Арынов.

Оның айтуынша, Ақсу қаласы әкімінің шешімімен ауданда ТЖ режимі жарияланды. "Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Біз тұрғындарға үйлерін уақытша тастай тұруға ұсыныс жасадық. Бірақ 12 отбасының екеуі ғана эвакуациялауға келісім берді. Уақытша туыстарының үйлеріне барғандар да бар, дегенмен көбі үйлерін қалдырып кетуге қорықты", - деді Арынов.

Ақсу әкімдігінің хабарлауынша, ТЖ салдарын жою жұмыстары жалғастырылып жатыр. "Дамбаны қоршап, суды тартып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір жүзден астам адам құтқару жұмыстарымен айналысу үстінде. Қала әкімшілігі мен қалалық коммуналдық қызмет орталығынан техника мен адам күші жұмылдырылды. Суды ағызып жіберу үшін біз платинаның жартысын қазуға мәжбүр болдық. Құрылысты салғандарға хабарландыру жасалды. Бұл жерде біздің кінаміз жоқ. Жол салушылар дұрыстап ойланулары керек еді. Біздің ендігі мақсатымыз - судың ары қарай басқа үйлерді басуына жол бермеу", -деді Арынов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети