Павлодар облысындағы өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы өрт сөндірілді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысында далада шыққан өрт екінші күн жалғасып жатыр. Өрт бірден 5 аумақты шарпыды. Оның аумағы жүз гектардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында далада шыққан өрт екінші күн жалғасып жатыр. Өрт бірден 5 аумақты шарпыды. Оның аумағы жүз гектардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 22 қазанда сағат 11.52-де түскен. Жалын Ертістің жайылмасындағы Жаңатілек ауылының маңында тұтанған.

"Бес аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы - 140 гектар. Сондай-ақ, 70 тоннаға жуық жаңа шабылған шөп жанып кетті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Өрт орнында 80 адам жұмыс істеп жатыр, оның ішінде өрт сөндіру жасағында ерікті ретінде 50 жергілікті тұрғын бар. Ведомство өкілдерінің айтуынша, елді мекендерге қауіп төніп жоқ.

Ал ауа райының қолайсыздығы өртті сөндіруді қиындатып отыр. 23 қазанда желдің күшеюіне байланысты Павлодар облысында ескерту жарияланады. Оның екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетеді.

Өрт 23 қазанда сағат 12.02-де сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети