Павлодар облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты © Асхат Қыстаулетов

Павлодар облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде шамамен 23.00-де Ленинский - Ертіс тас жолында болған. Екі Audi автокөлігі соғысқан. Бетпе-бет соғысу салдарынан алған жарақаттарынан алты адам қаза тапқан. Бұл бірінші көліктің жолаушылары - 1981 жылғы әйел, 2015 жылы туған бала, ал екінші көлікте жүргізуші мен 1971, 1989 жылғы екі әйел мен 2015 жылы туған бала қайтыс болған", - дейді өңірдегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


© Асхат Қыстаулетов

Тағы алты адам жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде бірінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары - 1976 жылы туған әйел, ер адам және 15 жастағы жасөспірім, ал екінші көлікте - 1993 жылы туған қыз және 1999 жылы туған жасөспірім бар.

Екі немесе оданда көп адамның қайтыс болуына себеп болған жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жол апатының себебі анықталып жатыр және барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети