Павлодар облысында жеңіл көлікке соғылған микроавтобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жеңіл көлікке соғылған микроавтобус өртеніп кетті видеодан үзінді

Павлодар облысында тасжолда микроавтобус жеңіл көлікке соғысып, өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында тасжолда микроавтобус жеңіл көлікке соғысып, өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Байқоныс ауылының маңында Павлодар-Омбы тасжолында болған, онда Volkswagen Transporter және Nissan Cefiro көліктері соғысқан.

Куәгерлердің айтуыша, соғысқаннан кейін микроавтобус өртенген. Өртенген көліктің салонындағы адамдар сыртқа шығып үлгерген. Куәгерлер оқиғаның видеосын YouTube желісіне жүктеді. Видеоның кадрларында өртенген автобус пен жол бойында жатқан адамдар түсірілген. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен. Олар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінің мамандары. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адамдарды жол-жөнекей кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі ала кеткен. "Павлодар облысының үш тұрғыны Қашыр аудандық ауруханасына жеткізілген. 1959 және 1983 жылғы екі ер адамның халі орта деңгейде, ал 55 жастағы бір жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта оны санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізі мәселесі қарастырылп жатыр", - деді өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Махаббат Мұхамадиева. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети