Павлодар орталығында тротуар опырылып, ер адам шұңқырға түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар орталығында тротуар опырылып, ер адам шұңқырға түсіп кетті Видеодан алынған кадр

Павлодарда қаланың орталық көшелерінің бірінде адам аяғының астында тротуар опырылып түсті. Ер адам жұмысқа бара жатқан. Ол опырылған жерді видеоға түсіріп, болған жағдайды Instagram-да баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қаланың орталық көшелерінің бірінде адам аяғының астында тротуар опырылып түсті. Ер адам жұмысқа бара жатқан. Ол опырылған жерді видеоға түсіріп, болған жағдайды Instagram-да баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жарты метр тереңдікте плиталардың астында топырақ жоқ екенін көруге болады.

"Жұмысқа бара жатып жерге түсіп кеттім. Қалтамда екі телефон болған, біреуі екіге сынып қалды", - дейді ер адам.

Видео Желі қолданушыларының ашуын келтірді. 

Павлодар әкімдігінің мәліметінше, тротуар астындағы топырақты су шайған. "6 мамырда гидравликалық сынақтар жүргізіп жатқанда жылу құбыры желілерінде диаметрі 219 миллиметр зақым анықталды. Назарбаев даңғылындағы тротуардың астындағы топырақты су шайып шұңқыр пайда болды", - деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Опырылған жерге қоршау қойылғаны хабарланды. 

"Коммуналдық қызметтер топырақтың қаншалық шайылғанын анықтау үшін осы учаскедегі тротуарға талдау жүргізеді. Бұдан әрі топырақ сеуіп, тротуарды қалпына келтіреді", - деді акімдік өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети