Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің ер адамды сабағаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің ер адамды сабағаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр Видеолан алынған кадр

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің көшедегі адамды ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің көшедегі адамды ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Видеодағы кадрлардан жедел жәрдем қызметкерінің жерде жатқан адамды ұрып жатқаны көрінеді. Кейінірек ол тағы бір әріптесімен ер адамды жолдың бойына итеріп тастап, әрі қарай ұрып соғады.

Өтіп бара жатқан адамдар мұны тоқтатпақ болады, бірақ, видеоға қарағанда, жедел жәрдем қызметкері олардың айтқанын тыңдамаған да. Видео соңында қызметкер жерде жатқан ер адамды өзімен бірге алып кетеді.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректің тіркелгенін және қазіргі уақытта қызметкерлердің оны тексеріп жатқанын хабарлады.

"Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети