Павлодар полициясында ерекше оқиға тергеліп жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Адвокат Назерке Ризабекова. © facebook/nazerke.rizabekova Адвокат Назерке Ризабекова. © facebook/nazerke.rizabekova

Павлодарда қызметтік құжаттар Павлодар Полиция басқармасы дәретханасындағы қоқыс жәшігіне неге түсіп кеткені анықталып жатыр. Іс бойынша қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда қызметтік құжаттар Павлодар Полиция басқармасы дәретханасындағы қоқыс жәшігіне неге түсіп кеткені анықталып жатыр. Іс бойынша қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те алматылық адвокат Назерке Ризабекова Павлодар ПБ бірінің дәретхана жәшігінен іс жүргізу құжаттарын тапқанын айтқан.

"Бірнеше ай бұрын Павлодар ПБ-дағы тергеуде болдым. Дәретханада ПБ қызметкерлерінің іс жүргізу құжаттарын пайдаланып жатқанын көрдім. Бұл - жабайылық. Жақсы, дәретхана қағазына қатысты мәселе бар делік, бірақ соталды тергеу туралы ақпарат жария етілгенін не істейміз? Дәретхана қоғамдық орын ғой", - дейді автор.

Жазбаға Ризабекова А4 форматты мыжылған парақтар салынған дәретхана жәшігінің суретін жүктеген. Онда адамдардың тегі, телефон нөмірлері, жоғалған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының деректері айқын көрінеді. Жылу батареясында құжаттың тағы бір парағы бар. Бұл ретте дәретханада дәретхана қағазы жоқ.

"Павлодар облысының Полиция департаменті мен республиканың Ішкі істер министрлігінен осы ПБ-ын дәретхана қағазымен қамтамасыз етуді, осы құжаттардың авторларына қатысты қызметтік тергеу жүргізуді, соталды тергеу деректерін жария еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұраймын", - деп жазды адвокат.

Павлодар облысының Полиция департаменті өкілі жазбаға жауап беріп, оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелерін қосымша хабарлаймыз", - деді облыстың Бас полиция қызметкері Василий Скляр.

Ведомство фотода құпия құжаттар емес, қарапайым анықтамалар бар екенін атап өтті. Бірақ бұл жарамсыз қызметтік қағаздарды дәретханаға тастауға немесе оларды дәретхана қағазының орнына пайдалануға шешім қабылдағандарды ақтап ала алмайды. Барлық қажетсіз құжат жойылуы керек.

Қазір полиция дәретханаларда дәретхана қағазына қатысты мәселе болмауы керек. Мемлекеттік сатып алулар сайтының мәліметінше, биыл ақпанның аяғында облыстық Полиция департаменті әрқайсысында төрт орамнан 250 орама сатып алу бойынша конкурс өткізген.

Оның жылдық жалпы құны ширек миллион теңгеден сәл төмен болған. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы облыстық ПД бастығының орынбасары Дамир Сиразидимов болған.

"Дәретхана қағазы қолдануға ыңғайлы әрі жұмсақ", - делінген техникалық сипаттамада. Осы порталда бұған дейін мемлекеттік сатып алулар 2020 жылғы мамыр мен шілдеге жоспарланғаны, бірақ екі конкурс өткізілмегені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro