Павлодар спорт кешенінде жаттықтырушы 6 метр биіктен құлап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар спорт кешенінде жаттықтырушы 6 метр биіктен құлап түсті Видеодан алынған кадр

Павлодарда футбол командасының 22 жастағы жаттықтырушысы спорттық манеждің сыртына ұшып кеткен допты аламын деп алты метрлік биіктен құлап түсті. Ер адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда футбол командасының 22 жастағы жаттықтырушысы спорттық манеждің сыртына ұшып кеткен допты аламын деп алты метрлік биіктен құлап түсті. Ер адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушысы хабарлады. Куәгерлер Instagram-да жариялаған видео жазбасында оқиға "Спорт сити" спорт кешенінде болғанын хабарлайды. 

"Жаттықтырушы шамамен үшінші қабаттан құлап, аман қалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Pavlodar (@pavlodar.times)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамның миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, сан мен мойын омыртқасы зақымдалған. Ол қазір көпжарақат бөлімшесінде орташа ауыр жағдайда жатыр.

Спорт кешені оқиға болғанын растады. 

"Ақсу" ФО командасының жаттығуы кезінде доптардың бірі алаңнан ұшып кетіп, тренажер залының төбесі мен ғимараттың екінші қабаты төбесінің арасына тұрып қалды. Ойыннан кейін футбол орталығының жаттықтырушысы допты аламын деп, қауіпті аймаққа көтерілгенде, аспалы төбеге аяғын қойып, төбе құлайды. Салдарынан ол шамамен 6 метр биіктен құлады", - деді "Ертіс" олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Рахметолла Қасқырбаев.

Оның айтуынша, зардап шегуші спорт кешені қызметкерлерінің рұқсатынсыз ғимараттың үстіне көтерілген.

"Бұл оқиға төбенің дұрыс салынбауынан емес, белгіленген шектеулерді орындамаған жаттықтырушының ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығынан болды. Ол жерге мүлдем шығуға болмайды және команда әкімшісі бұған жол бермеуге міндетті еді", - деді Қасқырбаев .

Оның айтуынша, тергеу нәтижелері бойынша кінәлілерді тәртіптік жаза күтіп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети