Павлодар тұрғындары жанып жатқан трамвайды видеоға түсіріп алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғындары жанып жатқан трамвайды видеоға түсіріп алды

Павлодарда трамвайдан өрт шықты. Бұл кезде көлік жүріп келе жатқан. Қалалық трамвай әкімшілігі деректі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда трамвайдан өрт шықты. Бұл кезде көлік жүріп келе жатқан. Қалалық трамвай әкімшілігі деректі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сымдары өртенген трамвайдың жүріп бара жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі рельспен кетіп бара жатқан көлікті куәгерлер түсіріп алған. Кадрлардан трамвай үстінде жалын шығып жатқанын көруге болады.

"Жарық етіп өтті", - деп жазды Zarinulya08 Instagram-да.

"Павлодар трамвайының ескі вагондарынан артық ештеңе жоқ", - деп қосты raushan_kozgambaeva.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Жолаушылардың айтуынша, олар түтіннің иісі шыққанын сезіп, жүргізушіден трамвайды тоқтатуды сұраған.

"Есіктер уақытында ашылып, жолаушылар вагоннан шығып үлгергені жақсы болды", - дейді куәгерлер.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі деректі растады.

"18 қыркүйекте сағат 14:21-де №5 маршрут бойынша жүретін трамвайдан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Көліктің төбесінде электр сымдарын оқшаулағыш жанып кетті", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Департамент мәліметінше, жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөніп қалған.

"Себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Зақым жоқ. Трамвай тұраққа жеткізілді", - деді департамент өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети