Павлодар тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қаладағы моншалардың біріне бомба қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қаладағы моншалардың біріне бомба қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шамамен түн ортасында "102" операторының пультіне ер адам қоңырау шалып, Қамзин көшесіндегі моншаға бомба қойылды деп хабарлады. Аталған жерге шұғыл жедел тергеу тобы және арнайы жасақ қызметкерлері жіберілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жедел тергеу тобы мен арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратты тінтіп шығып, жарылғыш затты таппады. Қанша адамның қауіпсіз жерге шығарылғаны туралы мәлімет жоқ.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабар берген адам ұсталды. Облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны алкогольден мас күйде отырып, осылайша әзілдемек болғанын айты. Еш жерде жұмыс істемейтін павлодарлық бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Күдікті қамауға алынды. Террорлық әрекет туралы жалған хабар бергені үшін оның үстінен ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 34 жастағы бір ер адам қалалық ішкі істер басқармасының жарылатынын айтып, полицияға хабар берген еді. Жарылғыш зат табылмады. Телефон лаңкесі жалған хабар берген кезде мас болған. Бұл дерек бойынша "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.