Павлодарда 24 жастағы полицей өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 24 жастағы полицей өлі табылды Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Павлодарда полиция қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полиция қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейдің денесі қаладағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден табылды. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

"24 жастағы ер адамның өлі табылуына байланысты 105-баптың 1-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жауап берді аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның полицияда 2013 жылдан бері қызмет етіп келгенін атап өтті. Әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети