01 маусым 2023 11:58

Павлодарда 4 жасар бала ауладағы шұңқырға құлап, қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда төрт жасар бала септикке құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда төрт жасар бала септикке құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасы қайғылы оқиға 31 мамырда Мойылды ауылында болғанын хабарлады.

"Ата-анасының қарауынсыз қалған бала көрші үйлердің бірінің ауласында ағашпен жабылған септикке құлап кеткен. Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 140-бабы соталды тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мамырдың басында Ақтөбе облысында екі жасар бала көшедегі дәретханаға құлап, қаза тапқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети