Павлодар балабақшасында ерекше оқиға болды. Алты жасар бала балабақша ғимаратынан жалғыз шығып, өзін алып кеткісі келген ер адамға қарай жүгіре жөнелді. Оқиға №44 балабақша территориясында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp арқылы таратылған видеода ер адамның баланы белгісіз біреудің алып кеткенін айтқаны естіледі.
Оқиға 31 наурыз күні түстен кейін болған. Баласының бөтен ер адаммен кетіп бара жатқанын оның анасы көріп қалып, баласын өзіне шақырғаны белгілі болды. Бала ер адамның қолынан анасына қарай жүгіре жөнелген. Осыдан кейін баланың қараусыз қалуына байланысты тексеру басталды. Оқиға болған жерге полицейлер де келді.
№44 балабақша өкілдері бастапқыда бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Бізде бәрі дұрыс, мұндай жағдай болған жоқ", - деді мекеме меңгерушісі Зәмзәгүл Нұркенова. Tengrinews.kz тілшісі жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында оқиға болған жерге барды. Онда вахта қызметкерлері мұндай жағдайдың шынымен де болғанын, баланың ата-анасының полицияға шағымдағанын айтты. Сонымен қатар, олар мекеме меңгерушісінің жоқ екенін, сондықтан да ресми пікірдің болмайтынын айтқан.
Қоршаудағы ашық жер жабылып үлгерген.
© Tengrinews.kz
Ал полиция өкілдері мұны баланың ғимараттан өз еркімен шығып кету дерегі есебінде қарастырылып жатқанын, сондықтан да мұндай қателік жібергендердің әкімшілік жауапқа тартылатынын мәлімдеді.