21 қазан 2018 | 18:05

Павлодарда 6-қабаттан құлап кеткен бес жасар қызды жаяу жүргінші құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 6-қабаттан құлап кеткен бес жасар қызды өтіп бара жатқан жүргінші құтқарып қалуға көмектесті, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда 6-қабаттан құлап кеткен бес жасар қызды өтіп бара жатқан жүргінші құтқарып қалуға көмектесті, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 20 қазанда кешке таман Қатаев көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде бес жасар бала терезеден құлап кеткен. 

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жедел-жәрдем қызметкерлері келмей тұрып балаға өтіп бара жатқан жүргінші көмектескен. Олардың айтуынша, ер адамның аяғына москит торы түсіп кеткен. 

"Ер адам терезеден құлап бара жатқан қызды ұстап алайын деп еді, амал не, үлгерген жоқ. Бес жасар қыз жерде  жатқан кезде ер адам оған жасанды дем алдырды. Сөйтіп бала айғайлап жіберді. Жұрт жүгіріп келді. Қыз бала жеңіл киінген соң, куәгерлердің бірі күртешесін шешіп, баланы тез арада дәрігерлердің қолына тапсырды", -деді куәгерлер. 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері зардап шегуші бес жасар қыз екенін растады. 

"Бала 2013 жылы туған. Қыздың жағдайы тұрақты, алайда, еріннің үсті мен ми жарақатын алған", - деді облыстық денсаулық сақтау баспасөз қызметіндегілер. 

Зардап шеккен қыздың ата-анасы дәрігерлерге, оқиға кезінде үйде болғандарын және баласы терезеден құлап кеткенін аңғармай қалғанын айтқан. 

Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, бала терекке құлағандықтан қатты жарақат алмаған. Департамент баспасөз қызметінің өкілдері қыз алтыншы қабаттан құлап кеткенін растады. 

"Бес жасар қыз неден құлап кеткені және оқиғаның мән жайы анықталып жатыр", - деді Павлодар полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети