18 наурыз 2014 10:08

Павлодарда әкімшілік полиция ғимараты өртенді

©Mgorod.kz

Павлодарда әкімшілік полиция басқармасының ғимараты өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 18 наурыз күні сағат 01.21-де Павлодар қаласындағы Әкімшілік полиция басқармасының төртқабатты ғимаратының жертөлесінде өрт шыққан. Өрт 02.21-де сөндіріліп, 03.59-де толық залалсыздандырылды. Тілсіз жау 15 шаршы метр ауданды шарпыды. "Өртті залалсыздандыруға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 32 қызметкері мен 6 техникасы тартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында. Министрліктің хабарлауынша, 18 наурыз күні Түркістан қаласы, Ескі Икан ауылында №23 кәсіптік лицейдің шатыры да өртенген. Екіқабатты ғимараттың 20 шаршы метрі жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, 12 ақпан күні Семейде қорғаныс істері басқармасының үшқабатты ғимараты өртенген еді. Ғимараттан 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер болмады, жалын 20 шаршы метрді шарпыған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram