Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда әкімшілік полиция ғимараты өртенді

18 Наурыз 2014, 10:08
0
©Mgorod.kz
©Mgorod.kz
Павлодарда әкімшілік полиция басқармасының ғимараты өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 наурыз күні сағат 01.21-де Павлодар қаласындағы Әкімшілік полиция басқармасының төртқабатты ғимаратының жертөлесінде өрт шыққан. Өрт 02.21-де сөндіріліп, 03.59-де толық залалсыздандырылды. Тілсіз жау 15 шаршы метр ауданды шарпыды.

"Өртті залалсыздандыруға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 32 қызметкері мен 6 техникасы тартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, 18 наурыз күні Түркістан қаласы, Ескі Икан ауылында №23 кәсіптік лицейдің шатыры да өртенген. Екіқабатты ғимараттың 20 шаршы метрі жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, 12 ақпан күні Семейде қорғаныс істері басқармасының үшқабатты ғимараты өртенген еді. Ғимараттан 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер болмады, жалын 20 шаршы метрді шарпыған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай