Павлодарда бесік арба сүйреткен әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 42 жастағы әйел екені анықталып отыр.

Жол-көлік оқиғасынан жарақат алған 29 жастағы әйел қазір ауруханада жатыр, ал 2014 жылы туылған сәби дін аман, оны дәрігерлер қарап шығып, үйіне жіберді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция көлікті басқарған адамды 30 минуттың ішінде анықтады. Жәбірленуші жазылғаннан кейін сот-медицина сараптамасы жүргізіліп, процессуал шешім шығарылады. Егер оның жарақаты жеңіл болса, жүргізуші әйел әкімшілік жауапкершілікке, егер орташа дәрежелі болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Еске сала кетейік, 21 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында жаяулар жолынан арбадағы баласын сүйреп өтіп бара жатқан әйелді Subaru Forester автокөлігінің қағып кеткені түсірілген видео YouTube-те жарияланған болатын. Жол көктайғақ болса да, жылдамдығын азайтпаған жүргізуші ана мен баланың жағдайына еш алаңдамастан, оқиға орнынан қашып кетті.