Павлодарда автобустың өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автобустың өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды © pavlodarnews.kz

Павлодардағы Сәтбаев пен Толстой көшелерінің қиылысында шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы Сәтбаев пен Толстой көшелерінің қиылысында шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, болған оқиғаны куәгерлер суретке және видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады. Өрт дерегін Павлодар облыстық ТЖД растады.

"№3 бағыт бойынша жүрген "Хундай-Каунти" шағын автобусының салоны толығымен жанып кетті. Сонымен қатар, қызыл жалын алдыңғы екі дөңгелек пен мотор бөлігін жалмады. Өрт таңғы сегізде басталып, он минуттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін 10 жолаушы өздігінен көліктен сыртқа шыққан", - деп хабарлады ТЖД.

Айта кетейік, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖД мәліметінше, бұл қасақана өртеу болмағандықтан, полиция істі тергемейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети