Павлодарда автокөліктен екі адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автокөліктен екі адамның денесі табылды ©Ярослав Радловский

Павлодарда бір автокөліктен екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция бұл дерек бойынша тергеуалды тексерісті бастады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда бір автокөліктен екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция бұл дерек бойынша тергеуалды тексерісті бастады.

Жедел мәлімет бойынша, екі адамның мәйіті Естай көшесіндегі аулалардың біріне қойылған автокөліктен табылды. Ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, мәйіттерді жақын маңдағы үй тұрғындары байқаған. Куәгерлердің айтуынша, марқұмдардың денесінде пышақ не оқтан болған жарақат жоқ. Автокөлік эвакуатормен айыппұл тұрағына жіберілген. 

Ер адамдардың кім екені анықталды. Олар - Павлодардың 1991 және 1992 жылы туған тұрғындары. Бірнеше сараптама тағайындалды. 

Мұның алдында Павлодарда жаппай кісі өлімі болған еді. Торайғыров көшесіндегі пәтерлердің бірінен бес адамның мәйіті табылды. Қайтыс болғандардың арасында екі бала болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, марқұмдардың бірі буындырып өлтірілген, қалғандарына пышақ салынған. Пәтерден пышаққа жығылған бір тірі адам табылды, ер адам ауруханаға жатқызылды. Полицияның мәліметінше, пәтердегілерді өлтірген - сол. Марқұмдар оның туыстары болып шықты. Ер адам өз қылмысын мойындады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети