Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды Видеодан кадр

Павлодарда автовокзал маңынан кішкентай бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автовокзал маңынан кішкентай бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық волонтерлердің айтуынша, бала 26 қараша кешке табылған.

"8-10 айлық бала кешкі сағат тоғыз жарым шамасында вокзал маңындағы трамвай аялдамасының қасынан табылды", - деп мәлімдеді "Vita Павлодар іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің еріктісі Екатерина Кудрявцева.

Іздеушілер баланың фотосын Instagram желісінде жариялады. 

Олардың айтуынша, видеокамерадағы жазбаларға қарағанда оны бір әйел тастап кеткен. Бала Павлодардың облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, бала мамандардың бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Salauat Iglikov (@salauatiglikov)

Кейін волонтерлар Павлодар полиция бөлімінің басшысымен бірге баланың анасының қайда екенін тапқанын хабарлады. Әйелді үш сағаттай іздеген. Қазір полицейлер баласын көшеге тастап кетуге не себеп болғанын анықтап жатыр.

Баланың есімі - Батыр, ол 1,3 жасар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети