Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды © zerkalo-gazeta.com

Павлодарда балабақшадағы аула сыпырушы кішкентай қызды азғындады деген күдікпен қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда балабақшадағы аула сыпырушы кішкентай қызды азғындады деген күдікпен қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, 40 жастағы күдікті Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істеген.

"Сот Павлодардың 1977 жылғы тұрғынын қамауға алу туралы шешім қабылдады. Ер адам екі айға қамалды", - деп хабарлады Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі №2 соты.

Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, полицияға бұл туралы балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің ата-анасы хабарлаған.

"Ата-аналардың полиция органдарына қалдырған өтініші бойынша Павлодардағы балабақшалардың бірінің аула сыпырушысының азғыру дерегі ретінде сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облыстық прокуратурасының өкілдері.

Ер адамның қызға балабақша аумағында тиіскені белгілі болды.

Ал балабақша өкілдері бұл оқиғаның ойдан шығарылғанын және ер адамның жақсы қызмет еткенін айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети