Фото zakon.kz сайтынан
Павлодардағы автомобиль көпірінен бір ер адам Ертіс өзеніне секіріп кетті, - деп хабарлады бүгін Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға наурыздың 21-і күні кешқұрым болды. Алайда құтқарушылар оның денесін әлі таба алмай жатыр. Куә болған азаматтардың сөзіне қарағанда, қара күрте мен құлақшын киген ер адам Ертіс өзеніне секіріп кетті. Дегенмен, олар оның су бетіне шыққан-шықпағанын көрмепті. "Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар ешкімді таба алмады. Із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Павлодардағы автомобиль көпірінен бір ер адам Ертіс өзеніне секіріп кетті, - деп хабарлады бүгін Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға наурыздың 21-і күні кешқұрым болды. Алайда құтқарушылар оның денесін әлі таба алмай жатыр. Куә болған азаматтардың сөзіне қарағанда, қара күрте мен құлақшын киген ер адам Ертіс өзеніне секіріп кетті. Дегенмен, олар оның су бетіне шыққан-шықпағанын көрмепті.
"Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар ешкімді таба алмады. Із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген ресми хабарламада.