21 шілде 2015 | 08:25

Павлодарда екі ер адам кәмелетке толмағандарды зорлады деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©infosmi.net ©infosmi.net

Павлодарда прокурорлар кәмелетке толмаған балаларға зорлық көрсеткен деген күдікпен екі тұрғынды қолға түсірді, - деп хабарлайды "24.kz" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда прокурорлар кәмелетке толмаған балаларға зорлық көрсеткен деген күдікпен екі тұрғынды қолға түсірді, - деп хабарлайды "24.kz" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, оның біріншісі 5 жастағы балаға зорлық жасаған. Сонымен қатар, Ақсу қаласында 10 жастағы ер балаға күш көрсеткен жігіт ұсталды. Қазір 28 және 23 жастағы екі күдікті қамауға алынды. Прокурор Әділхан Дуабековтің айтуынша, қазіргі уақытта аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық прокуратура тергеу барысын назарда ұстап отыратынын хабарлады.

Еске салайық, кеше, 20 шілдеде Павлодарда өз қызын екі жыл бойы зорлап, жыныстық қатынасы түсірілген суреттерді Интернетте жариялаған 38 жастағы ер адам 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы 14 жастағы қызын бірнеше рет төсек қатынасына итермелеп, оны видеоға түсірген. Ол қызын жыныстық қатынас үшін сататынын жазып, Интернетке хабарлама берген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети