Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды Видеодан алынған кадр

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 19 ақпанда күннің екінші жартысында қалалық бес қабатты үйлердің бірінде болды. Бала ғимаратқа қосалқы салынған шатырға құлап, тірі қалды.

Куәгерлер түсірген видеода, бала әлде-қашан шатырдың үстінде тұр, аяғы жалаң, жеңіл киініп алған. Бір ер адам оны екінші қабаттан қолына алып, пәтерге кіргізеді. Осы уақытта дала температурасы нөлді көрсетіп тұрған. 

Сондай-ақ, кадрлардан ашық тұрған терезені байқауға болады. Бала сол жерден құлаған. 

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылды. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, беті жараланған. 

"Ол Павлодар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емді алып жатыр", - деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша, дерек Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Полицейлердің ақпараты бойынша, зардап шеккен баланың ата-аналарымен түсіндіру әңгіме жүргізілді. Бала құлаған кезде үйде әкесі мен анасы болмаған. Былтыр желтоқсан айында бүлдіршін екі жасқа толған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети