Павлодар облысында қоғамдық көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуіне асылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында қоғамдық көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуіне асылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, 38 жастағы қала тұрғыны Павлодардың көлік кәсіпорнына тиесілі микроавтобустың салонында өзіне қол жұмсаған.
"Суицид белгілері бар ер адамның мәйіті №4 бағыттағы микроавтобустың ішінен табылды. Көлік Павлов көшесіндегі аулада тұрған. Ер адам жүргізуші орнында қауіпсіздік белбеуіне асылып қалған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, Тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер.
Бұл дерекке байланысты "Өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның артында әйелі мен екі баласы қалған.