Павлодарда ер адам зейнеткерді тонамақ болған: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда ер адам зейнеткерді тонамақ болған: видео

Павлодарда полицейлер зейнеткерді тонамақ болған күдікті ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда полицейлер зейнеткерді тонамақ болған күдікті ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 наурызда Камзин көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті ер адам зейнеткерді көкөніс дүңгіршегі маңында байқап, ол азық-түлік сатып алып жатқан кезінен аңдыған. Кейін әйелдің соңынан үйінің кіреберісіне дейін еріп барған. Лифтті күтіп тұрған сәтте олардың арасында қысқа әңгіме де болған. Лифт келгенде ер адам әйелді алдымен өткізіп, артынан өзі кіріп, оның қолындағы азық-түлік салынған пакеттер мен әмиянын тартып алмақ болған.

Бейнебақылау камераларындағы жазбадан ер адамның зейнеткерді баспалдақпен сүйреп, сөмкелерін тартып алуға тырысқаны көрінеді. Алайда әйел соңына дейін сөмкелерін жібермей, қарсылық көрсеткен. Кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Павлодар облысы Пполиция департаменті мәліметінше, жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жедел қызметкерлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктінің жеке басын анықтаған.

"Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде бұрын сотталған Екібастұз тұрғыны анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Аталған дерек бойынша тонауға оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Полиция мәліметінше, шабуыл салдарынан зейнеткер әйел ауыр жарақат алмаған және медициналық көмекке жүгінбеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61  course up  555.95  course up  6.01  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети