Павлодарда иісшіл ит ұрланған диванды тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда иісшіл ит ұрланған диванды тауып берді Шанель ұрланған диванды бірден тапты. ©Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Павлодар облысында полицейлердің иісшіл иті ұрлықты әшкерелеуге көмектесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында полицейлердің иісшіл иті ұрлықты әшкерелеуге көмектесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне тұрғындардың бірі хабарласып, подъезден диваны әп-сәтте ұрланғанын айтқан. Ер адам пәтерінде көп орын алып тұрған жиһазды туысқанына беріп жібермек болады. Сөйтіп, оны төртінші қабаттан бірінші қабатқа әупірімдеп түсіреді де, шақырып қойған көлікті қарсы алуға сыртқа шығып кетеді.

5-10 минуттан соң қайтып келсе, диваны орнында болмай шығады. Тұрғын полицияға хабарласуға мәжбүр болады. Подъездегі диванның қайда кеткенін анықтау үшін көршілерден түсініктеме алынады, алайда көрген-білген адам табылмайды.

Сол кезде тергеу-жедел тобы кинологиялық қызметтің арнайы үйретілген итін көмекке шақырады. Шанель есімді ит диванның екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде екенін дәл табады. Қазір бұл дерек бойынша полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети