Павлодардағы жантүршігерлік жол апатын жасаған әйелге жапа шеккен адамның отбасы кешірім берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне апаттан аман қалған әйелдің күйеуі Азамат Жаншұқов хабарлады.
Павлодардағы жантүршігерлік жол апатын жасаған әйелге жапа шеккен адамның отбасы кешірім берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне апаттан аман қалған әйелдің күйеуі Азамат Жаншұқов хабарлады.
"Біз жол апатын жасаған әйелге тараптардың ымыраласуы түрінде ешқандай шағым келтірмейтініміз жайлы арыз жаздық. Біз әйелмен ымыраға келдік. Бұл әйел бізге емделуге және дәрі-дәрмек алуға материалдық көмек көрсетті", - деді Жаншұқов.
Ер адамның айтуынша, оның әйелінің беті бері қарады. "Қазіргі уақытта әйелімнің жағдайы жақсы, жақсарды. Бірақ дәрігерлер оны ауруханадан шығару туралы сөз айтқан жоқ. Ол ауруханада бір апта болуы мүмкін", - деді зардап шеккен әйелдің күйеуі.
Айта кетейік, бұған дейін ер адам жол апатын жасаған әйелге тиісті жаза беруді сұрайтынын мәлімдеген еді. "Біз оны кешірсек дұрыс болады деген ойға келдік, ол келіп, кешірім сұрады, көмек қолын созды. Біз оны кешірдік", - дейді ол.
Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл іс жөніндегі қылмыстық іс әзірше тоқтатылған жоқ. "Заңда ымыраласуға тек зардап шеккен әйелдің жағдайы жеңіл немесе ауыр деңгейде болса ғана рұқсат берілген. Ауруханадан шыққаннан кейін сот-медицина сараптамасынан өтеді. Егер әйел сараптамадан өтуден бас тартса, іс бірден тоқтатылады. Бірақ жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ісі үшін заңда айып түрінде жүргізу куәлігінен бір жыл мерзімге айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.
YouTube порталында Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланған еді. Оқиға 21 қаңтар күні болды. Жаяулар жолынан арбадағы баласын сүйреп өтіп бара жатқан келіншекті 42 жастағы әйел Subaru Forester автокөлігімен қағып кетті. Бес айлық сәби зардап шеккен жоқ, ал оның 29 жастағы анасы ауруханаға түсті. Ал көлік жүргізушісі жол апаты болған жерден кетіп қалды.
Кейін күдікті ұсталып, полиция оған қатысты "Көлік құралын жүргізген адам жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде абайсызда бір немесе бірнеше адамның денсаулығына зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.