Павлодарда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жасөспірімнің денесін қаладағы ықшамаудандардың біріндегі үйлердің маңынан тапқан. Куәгерлер оқиға орнында түсірген суретті Instagram желісінде жариялады.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі осы деректі растады. "Жаяу Мұса көшесінің бойындағы үйдің маңында 16 жастағы баланың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол үйдің шатырынан құлап кеткен. Осы дерек бірыңғай реестрге тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ІІД өкілдері.
Дәрігерлердің мәліметінше, оқушы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, қайтыс болған бала қаладағы мектептердің бірінде 10- сыныпта оқыған. Алайда, оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.