Полицейлер Павлодар политехникалық колледжінің 1-курс студенті Камила Сторожукті тапты. Ол сүйіктісімен бірге жалға алған пәтерде жасырынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер Павлодар политехникалық колледжінің 1-курс студенті Камила Сторожукті тапты. Ол сүйіктісімен бірге жалға алған пәтерде жасырынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Студенттің табылғанын алдымен павлодарлық еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Кейін бұл ақпаратты полиция мен Камиланың ата-анасы растады.
"3 наурызда кешкісін полицейлер Камиланың бөлімшеде екенін хабарлады. Оның қасында жігіт болғанын айтады. Жігіт 21 жаста. Бір кездері ол қызыммен кездескісі келген, бірақ мен қарсы болғанмын. Камила жоғалып кеткен кезде оған хабарластық, бірақ ол қызымды көптен бері көрмегенін айтты", - деді қыздың анасы Ляйля Усманова.
Полиция мәліметі бойынша, қыз жігітпен бірге Павлодардағы мөлтек аудандардың бірінде пәтер жалдаған. Қазір қыз бала үйінде. Полиция екеуімен де профилактикалық жұмыс жүргізген.
Еске салайық, 16 жастағы Камила Сторожук 19 ақпанда жоғалып кеткен болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!