02 ақпан 2017 | 00:06

Павлодарда жол бойында атысқандар туралы видео тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар полицейлері жол бойында атысқандардың видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандарына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар полицейлері жол бойында атысқандардың видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандарына сілтеме жасап. 

"Криминальный Павлодар" деп жазылған видеоролик таяу күндері YouTube желісінде жарияланған болатын. Бірминуттық видеоның астында "Эминем музыкасымен тас жолдағы ерегіс. Жас баланың өлімі" - деп жазылған. 

Видеоның кадрларында, жеңіл көліктің жүргізушісі алдында келе жатқан автомобильді озып, жол жиегіне қысып тоқтатады. Осыдан кейін бір жас жігіт шығып, артындағы көліктің ішіндегілерді балағаттай бастайды, ол жанжалдың неден шыққанына қарамастан, аяғынан теуіп құлатады. Осы кезде кадрда тағы бір ер адам пайда болады. Құлаған жігіт орнынан тұрып, көлігінен бір темір алып шығып, өзіне тиіскен адамдарға қарай беттейді. Ары қарай жарық тұтанған от шығып, атылған дауыс естіледі. Қолына темір ұстаған жігіт қарға құлайды. Ер адамдар оқиға орнынан қаша жөнеледі.

"YouTube желісінде жарияланған бір минуттық видео, мәліметтер кітабына жазылған және сол іс бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұранысына.

Жергілікті департаменттің полицейері осы оқиға бойынша тексеріс нәтижелерін кейінірек толқтай мәлімдейтіндерін айтты. Видео көліктің видеотіркеуші құрылғысына түсірілген. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы Интернетте қалай пайда болғаны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети