Павлодарда жол құрылысы жұмысшысын көлік қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда жол құрылысы жұмысшысын көлік қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан асқан жылдамдықпен келе жатқан көлік ер адамды қағып кеткені көрінеді. Оқиға салдарынан зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жеткізілген.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, оқиға 28 маусымда таңғы сағат 4.15 шамасында қала көшелерінің бірінде болған.
"Lada 21725 автокөлігі тізгініндегі жүргізуші Циолковский көшенде жылдамдық режимін бұзып жолды жөндеуге арналған қондырғыға соқтығысты. Бұл уақытта жұмысшылар жаяу жүргіншілер өткелін бояп жүрген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі ауруханаға түсті", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін айтты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, ер адам амбулаториялық ем алуға ауыстырылды, деді ведомство өкілі. Автокөлік айып тұрағына алынды.
"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК 611-бабы бойынша материал сотқа жіберілді", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!