Павлодарда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Ломов көшесінің бойынша №1 қалалық аурухананың маңында болған. Автобус аялдамаға бірнеше метр жетпей өртенген. Оқиғаның видеосын куәгерлер Instagram желісіне жариялады.
Жолаушылардың айтуынша, бастапқыда олар жарылыс естіген, кейін салон түтіндеп, өрт басталған.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, түске дейінгі уақытта болған.
"Өрт № 5 жолаушылар автобусында болды. Жүргізушінің айтуынша, автобустың артқы дөңгелегінен бастап өртенген. Осыдан кейін түтін салонды басып кеткен. Автобуста болған жүргізуші мен жолаушылар өз беттерімен салоннан шыға алған Осылайша адамдар аман қалды", - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Куәгерлер естіген жарылысты ТЖД өкілдері артқы дөңгелек жарылды деп түсіндіріп отыр. Бұдан кейін өрт шыққан. Өрт шалған аумақ - 20 шаршы метр.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, автобус "Жолаушылар көлігі альянсы" ЖШС-на тиесілі. Фирма Павлодарда адам тасымалдаумен айналысады. Оқиғаның нақты себебі мен шығын есептеліп жатыр.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, автобус түгі қалмай өртеніп кеткен және қайта жасауға жарамсыз.