26 шілде 2020 16:46

Павлодарда жолаушылар ұшағы әуежайға бір сағаттай қона алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар ұшағы бір сағаттай қаланың үстінде айналып ұшып жүруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар ұшағы бір сағаттай қаланың үстінде айналып ұшып жүруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлықтар әлеуметтік желіде қаланың үстінде ұшып жүрген ұшақты қызу талқыға салып жатыр. Қала тұрғындарының басым бөлігі жолаушылар ұшағынан қорқып қалыпты.

"Ұшақтың төмен биіктікте ұшқаны соншалық, ол құлайды деп ойладық. Мен "апат бола ма?" деп қорықтым", - деп жазды Instagram желісінің пайдаланушысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Над Павлодаром очень низко пролетел самолёт ✈️ #самолетнизконадпвл

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Кейін ұшақ Алматы-Павлодар бағытындағы FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі екені белгілі болды. Ондағы жолаушылар да қорыққандарын желіде ашық жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Как летел тот самый самолет над Павлодаром во время стихии. От подписчицы летевшей в нём: С 2015 года я летала примерно 14 раз, но этот полёт был самый страшный. Мы летали между молниями и несколько раз попадали в турбулентность. У меня были панические атаки, которые я старалась скрывать от детей и мужа, которым и так было не по себе от происходящего. В 18.00 мы по расписанию долетели до Павлодара, но приземлились лишь только спустя 50 минут. Всё это время мы кружили над городом. Люди заметили низко кружащий за городом самолёт. Это кружили мы. Кружили и молились, чтобы природные условия, не позволяющие нам приземлиться, и турбулентность закончились быстрее, чем топливо в баке. Пилот правда пытался успокоить нас, что топлива ещё на час хватит, но в голове крутились мысли: «-А вдруг нам дольше придётся кружиться?». Пилот будто услышав мои мысли сказал: «Ещё минут 10 покружим, и если не распогодиться, то полетим в Нурсултан и приземлимся там». Если честно, мне было уже без разницы, где приземляться. Лишь бы остаться в живых. Тем более, что я не одна летела, а с семьёй. Мы, находящиеся на борту люди, кружили и молились, снова кружили и снова молились. Я оглянулась вокруг, и заметила, что даже мужчинам жутко. Нам всем было страшно, как никогда. Страшно до слез. Я хотела расплакаться, а ещё хотела записать маме прощальное видео, на всякий случай, но держала себя в руках, чтобы не пугать детей, и продолжала молиться. Всевышний услышал наши молитвы, и вот я дома. По сравнению с тем, что я пережила в небе, все земные проблемы показались такими несущественными. Летая там в небе во время турбулентности, я думала о том, что не хочется уходить так рано, когда ещё много чего не успела сделать. Столько планов, идей, целей, мечт, которые надо осуществить. P.S. Хочется выразить огромную благодарность пилотам @flyarystan за профессионализм! Вы супер! Эля Нуржанова #самолетнизконадпвл

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

FlyArystan Tengrinews.kz тілшісіне мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты болғанын жеткізді.

"25 шілдеде FlyArystan әуекомпаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы KC 7131 рейсі 40 минутқа кешігіп қонды. Себебі, Павлодар аэродромында қатты найзағай болды. Бұл ауа-райының өзгеруімен байланысты. Мұны қалыпты жағдай деуге болады. Бұл жағдайда әуекомпанияның ұшқыштары ұшу немесе ұшақты қондыру туралы шешімді өздері қабылдайды", - деді компания өкілдері.

Олар ұшақта тәжірибелі мамандар басқарғанын атап өтті.

Айта кетейік, жолаушылар ұшағы Павлодарға әуежайына қонғаннан кейін жарты сағаттан соң найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

25-26 шілдеде Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай соғуы мүмкін әрі желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети