Павлодарда жұмысшы 5-қабаттан құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттан құлап кеткен Фото: rus.delfi.ee

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, өңірде 3 оқыс оқиға тіркелген.

"Бірінші оқиға 16 қазанда сағат 08.10-де Павлодар қаласы Назарбаев даңғылындағы пәтерде болған. 32 жастағы монтер пәтердегі жөндеу жұмыстары кезінде 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Екінші оқыс оқиға да осы күні сағат 10.00-де Екібастұзда болған. Қаладағы ЖШС аумағының бірінде 55 жастағы токарь жұмыс барысында аяғынан жарақат алған. Ол да ауруханаға жатқызылған.

Үшінші оқыс оқиға 18 қазанда сағат 01.40-де Екібастұзда болған. Ондағы ЖШС-ның біріндегі 31 жастағы жұмысшы кірпіш төсеп жатқан. Осы сәтте оны құрал басып қалған. Ер адам дене жарақатымен Екібастұздағы ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети