Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда жүрек талмасына ұшыраған зейнеткер мәйітханада оянды

27 Мамыр 2015, 16:43
3
© Ry.by
© Ry.by

Павлодарда жүрек талмасына ұшыраған зейнеткер мәйітханада оянды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ер адамның қызы Ирина Гречкоға сілтеме жасап.

Оқиға 68 жастағы Евгений Гречко жатқан облыстық тубдиспансерде болған. Ол ауруханаға наурыз айында жатқызылған. "Әкем жалаңаш күйінде суық жерде, мәйіттердің арасында оянғанын айтты. Ол айқайлауға оқталғанда екі санитар кіріп келген. Отырған әкемді көрген олар шыңғырып қашып кеткен. Кейін мейірбикелер келіп, әкеме халат кигізіп, жан сақтау бөліміне әкеткен", - деді Ирина Гречко.

Әйелдің айтуынша, әкесі оған болған жағдайды үш күн өткеннен кейін ғана айтты. "Ауруханада әкемнен шу шығармауды өтінген. Маған болған жағдайдың әкеме елестегенін, мәйітханаға апармағанын, жан сақтау бөлімінде болғанын айтты. Әкемнің психикасы дұрыс, оны ақжаймаға орап, аурухана бөлмесінен алып кетіп бара жатқанын көршілері де көрген", - деді әйел.

Ол әкесі қатты әсер ететін дәрілердің салдарынан жүрек талмасына ұшырады деп қауіптенеді. Дәрігерлер мәйітхана туралы оқиғаның зейнеткердің қиялынан туғанын айтты. "Емделуші гипертониялық кризге ұшырады. Ол үш күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Біз болған жағдайды тексердік. Бірақ зейнеткердің айтқанын жоққа шығарамыз. Қысымы көтеріліп., жағдайы нашарлаған кезде оған қандай да бір ойлар келген болуы мүмкін. Бірақ дәрілер салдарынан мұндай әсердің болмағаны анық", - деді облыстық тубдиспансер бас дәрігерінің орынбасары Резуан Смағұлова.

Ирина Гречко сараптама нәтижесінде әкесінен туберкулез белгісі табылмағанын айтты. Оның айтуынша, дәрігерлерді жауапқа тарту үшін ол прокуратураға шағымданады. "Әкем бір ай бойы туберкулезге қарсы дәрі ішті. Мұнымен қоймай, оны мүгедек ете жаздады, тірідей көмгілері келіп мәйітханаға апарды. Олар өз кінәларын мойындап, жауап берулері тиіс", - деді Гречко.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай