Павлодарлық полицейлер қанды видеоны таратқандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодарлық полицейлер қанды видеоны таратқандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дүкен еденінде қансырап жатқан ер адам түсірілген видео YouTube арнасында тарап кеткен болатын. Ал видеоға қатысты "Павлодар жаңа 2018 жылдан кейін болды" деген түсініктеме жазу болған. Видеода ер адам қансыраған адам қыз бен жігітті бауыздап, кейін өзінің жүрегіне пышақ салғанын баяндайды.
Полицияда бұл деректі растамады.
"Әлеуметтік желіде таралған видеодағы оқиға Павлодар облысында тіркелмеген", - деп жауап берді Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұранысына.
Қазір бұл видеоны кім және қандай мақсатта таратқанын полицейлер анықтап жатыр.
"Бұл дерек оқиғаларды есепке алу кітабында тіркелді. Қазір видеоны таратушыларды іздестіріп жатырмыз. Авторы табылған соң, жалған ақпарат таратқанын ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша тіркейміз. Таратушылардың видео Павлодарда болған деген ақпараты жалған. Жаңажылдық мерекелерге дейін видео "Павлодар, "Пахомовский" дүкені" деген атаумен таралған. Қазіргі таңда атауын өзгерткен, алайда, Павлодарда болғанын қайталап жүр. Бұл фейк немесе оқиға басқа қалада болған", - дейді полицейлер.
Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда WhatsApp мессенджері арқылы балаларды ішкі мүшесін сату үшін ұрлап жатқаны туралы аудиожазба тараған еді. Жалған ақпарат таратқан әйел сол күні ұсталды. Ақсу ауданындағы Қалқаман ауылының 38 жастағы тұрғыны хабарламаны Екібастұздағы әпкесіне жолдаған. Әйел адам кінәсін мойындап, қазақстандықтар алдында ақымақтық жасағаны үшін кешірім сұраған болатын.