Павлодарда қатты желден құлаған ағаш әйелді басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодар облысында қатты жел салдарынан ағаш құлап, өтіп бара жатқан әйелдің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қатты жел салдарынан ағаш құлап, өтіп бара жатқан әйелдің үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар тұрғынын ағаш басып қалып, ол алған жарақаттарынан қаза болды.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы мәліметінше, 7 қарашада сағат 09.37-де Естай көшесіндегі үйдің ауласында әйелді ағаш басып қалғаны туралы қоңырау түсті. Алты минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болды.

"1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке қарай, ол ауыр жарақаттардан қайтыс болды. Екі аяғының, кеудесінің, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқасының жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарақаты, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған", - деп түсіндірді Павлодар облысының жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы мамырда ПИК өтінімі бойынша бүгін ағаш құлаған үйдің ауласында санитарлық ағаш кесу жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети