21 ақпан 2023 09:33

Павлодарда қазандықтағы жарылыстан екі адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Pavlodarnews.kz @Pavlodarnews.kz

Павлодарда компаниялардың бірінің қазандығы жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда компаниялардың бірінің қазандығы жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мәліметінше, газ шығуы салдарынан қазандық ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыстан кейін қазандық ғимараты жартылай құлаған. Оқиға салдарынан қазандықтың екі қызметкері - компрессоршы мен газ таситын жүргізушісі зардап шекті.

"Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттық медицина орталығының бригадасы жіберілді", - деп түсіндірді жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы өкілдері.

Күйік шалған 43 жастағы ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді, тағы бір жәбірленуші, дене жарақатын алған 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети