Павлодарда Kia көлігі 20 жастағы жігітті қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Kia көлігі 20 жастағы жігітті қағып кетті

Павлодар қаласындағы Ломов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"


Павлодар қаласындағы Ломов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 08.50-де Kia автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында 1999 жылғы тұрғынды қағып кеткен. 

"Осы дерек тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Ер адамды жедел жәрдем алып кетті", - дейді ПД өкілдері.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасында жол апатынан зардап шеккен тұрғын № 1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін және жағдайы орташа деңгейде екенін айтты. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети