Павлодарда қол ұстасқан қыз бен жігіт тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодарда қол ұстасқан қыз бен жігіт тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Типичный Павлодар" қауымдастығында қол ұстасқан екі адамның дүкеннің шатырына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, қазір зардап шеккендер № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
"Түрлі жарақат алған жастардың жағдайы өте ауыр. Қыздың жасы 20-да болса, жігіт 26 жаста", - деді Нұрлан Қасымов.
Сонымен қатар, Павлодар ІІД Pavon.kz порталына оқиғаға қатысты түсінік берді. "ҚР ҚК-нің 105-бабы - "Өзіне-өзі құл жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарланды.