Павлодарда көпірдің бір бөлігі құлап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көпірдің бір бөлігі құлап түсті © Арай Абжанов

Павлодарда көпірдің бір бөлігі құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, Кутузов көпірі 12 мамыр күні кешке құлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көпірдің бір бөлігі құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, Кутузов көпірі 12 мамыр күні кешке құлаған.

Жолдың қирауы трамвай жолының маңында болды. Нәтижесінде көпірдегі қозғалыс шектелді. Автомобиль иелері болған жағдайға наразылық білдіріп жатыр. "Өткен жылы бұл көпірге бірнеше ай бойы жөндеу жүргізілді. Сол кезде бізге жаңартып, қауіпсіз етіп береміз деп уәде берген. Жөндеу жұмыстарына көп қаражат бөлінді. Нәтижесі осылай болды", - деді халық.

Әлеуметтік желілерде жергілікті билікке шағым айтқандар көп болды. Пікірлердің арасында "көпір жұмсалған ақшаны көтере алмай құлап қалды" деген қалжың ойлар айтылды.

Әкімдіктің хабарлауынша, авариялық аймақта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Дәл қазіргі уақытта оқиғаның неден болғанын анықтайтын комиссия құру қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың жазында Кутузов көпірін авариялық деп танып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жауып тастаған еді. Қалалық әкімдіктегілер 130 миллион теңгеге жөнделген көпір ең кемі жарты ғасыр тұрады деп уәде берген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети