ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2021 | 14:42
Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалды
Павлодарда көлікке кран кұлады, 30 үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда көлікке кран кұлады, 30 үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар орталығындағы құрылыс алаңында автокран құлап, электр беру желісін зақымдады, 30-ға жуық жеке үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын тас-талқан етті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның видеосы Instagram-да жарияланды. "Кран құлап, приораны қиратты", - дейді куәгер. Видеода кранның құрылыс вагонының төбесіне құлап, оны майыстырғаны көрінеді. Салдарынан құрылыс материалдары көлікке түскен.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокран 13 наурызда сағат 17.03-те Естай - Больничный тұйық көшесінің қиылысында құлаған.
"Құрылыс жұмыстары кезінде жеке ұйымның шынжыр табанды краны электр беру желісіне аударылып түсті, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй бірнеше сағатқа электрсіз қалды", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Зақымдалған электр желісін қалпына келтіру үшін шамамен бес сағат қажет болды.
"Қалалық электр желілері кәсіпорнының қызметкерлері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 13 наурызда 21.50-де толық аяқтады. Оқиға болған жерге ТЖД-ның бір қызметкері шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомство өкілі.
Сонымен қатар, полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зақымдалған көлік иесінен әлі өтініш түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также