Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда күзетшілердің ақша ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

05 Қазан 2015, 18:55
2
© ok.ru
© ok.ru

Павлодарда "Күзет" қызметкерлері сауда үйін тонады деген күдік пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-ға сілтеме жасап.

Күзет фирмасының қызметкерлеріне қатысты "Рубин" сауда үйіндегі бутиктердің бірінен ақша ұрлады деген күдік бар. "Полицияға сауда үйінің біріндегі бутикті жалға алушы арызданды. Ол күзет фирмасының қызметкерлері 150 мың теңгені бутиктің кассасынан ұрлады деп хабарлады. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді департаменттегілер. Қазіргі таңда Павлодар полицейлері 1985 жылғы күзетшіден күдіктеніп отыр, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Екінші қызметкердің аты-жөні әлі анықталған жоқ.

© ok.ru

Айта кетейік, күзетшілердің әрекеті бутиктегі жасырын камераға түсіп қалған. Камералар кассадан ақша жоғала бастағаннан кейін орнатылыпты. "Біз бұл бутикті үш жылдан бері жалға алып келеміз, ұсақ ақшаны әрдайым қалдырамыз. Күзетшілерге сендік, аймақ күзетіледі. Біз олар ұры болып шығады деп ойлаған емеспіз", - деді зардап шеккендердің бірі Максим Жернаков.

© ok.ru

Видеодан ер адамдардың бірінің кассаға барғанын көруге болады. Осыдан кейін бутиктегі жарық сөндіріліп, біраздан кейін қайта жанады. Осы кезде "Күзет" фирмалық киімін киген қызметкер келіп, кассаға қарай жақындайды. Полицейлердің хабарлауынша, қазіргі таңда тек бір кәсіпкерден арыз түсті. Бірақ зардап шеккендер көп болуы мүмкін.


© ok.ru


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай