Павлодарда мас жүргізуші үш жаяу адамды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мас жүргізуші үш жаяу адамды қағып өлтірді ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінің жүргізушісі реттелетін жаяулар жолында үш адамды қағып өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Үш сағаттан соң оқиғаға кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол - Павлодардың 25 жастағы тұрғыны.

Жол-көлік оқиғасы кезінде джиптің салонында жүргізушімен бірге көліктің иесі де болған. Полицейлер қайтыс болғандардың кім екенін анықтап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, көлік қағып кеткен 25-30 жастағы қыз бен жігіт және тағы бір әйел ауруханада қайтыс болды. 

"Кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған адам "Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету" бабы бойынша да айыпталады. Бұған қоса, жол апаты кезінде жүргізушінің мас болғаны анықталды, сөйтіп, көліктің иесі - Астананың 24 жастағы тұрғынына көлік құралын мас күйдегі адамның басқаруына бергені үшін тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети