Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ жаудырған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ жаудырған Иллюстрациялық сурет

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ жаудырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ жаудырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Телеарна мәліметінше, бұл жайт тапа-тал түсте болған. Компьютер ойындарын ойнауға жиналған 13-15 жастағы балалардың бірі өзімен әкелген тапаншаны тексергісі келіп, балконға шығып, қарсы тұрған үй терезесіне оқ атқан.

Бұл оқиғаны полицияға 34 жастағы қала тұрғыны хабарлады. Ол үйінің терезесіне әлдекімдер оқ жаудырғанын айтқан. Полиция кәмелетке толмаған 7 баланы ұстады. Олардың мектеп оқушысы екені анықталды. Жауап алу кезінде балалардың бірі қаруды танысынан алғанын айтқан.

"Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты процессуалдық шешім қабылданады. Балалардың әрекеті үшін ата-аналары жауап береді", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети