Павлодарда мектеп оқушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның Павлодардағы көпқабатты үйдің кіреберісінде мектеп оқушысына шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады. Балаға дер кезінде келген курьер көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның Павлодардағы көпқабатты үйдің кіреберісінде мектеп оқушысына шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады. Балаға дер кезінде келген курьер көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 19 наурызда болған. 2016 жылы туған мектеп оқушысы үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз ер адам оны аңдып, соңынан ерген. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ер адам бірге кіреберіске кіріп, баланы ұстап алған және ол өзінің баласы екенін айтқан.

Дәл осы сәтте кіреберіске курьер кіріп, жағдайды түсініп, баланы құтқаруға ұмтылған. Қысқа арпалыстан кейін ол баланы құтқарып алған, ал шабуылдаушы қашып кеткен.

Павлодар облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жеке басы анықталған.

"Тергеу барысында жиналған материалдар сотта қаралып, күдікті жауапқа тартылды. Сот отырысынан кейін ер адам ауруына байланысты медициналық мекемеге орналастырылды", – деп мәлімдеді Павлодар полициясының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети