Павлодарда мектептегі өрт аумағы 5 есеге ұлғайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мектептегі өрт аумағы 5 есеге ұлғайды Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шатырдағы жану алаңы алдын ала мәлімет бойынша - 1200 шаршы метр. Өрт тарап кеткен, жанғыш жүк, түтін және өрттің кеш анықталуына байланысты сөндіру кезінде жағдай қиындады. Өздері сөндіруге тырысқан болса керек. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды, жеке құрам тартылды. Оқиға орнында 13 техника мен 70 адам жұмыс істеп жатыр", - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Өрттің шығу себептері, зияны анықталып жатыр.

Сондай-ақ, ведомство өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шеккенін растады. Куәгерлердің айтуынша, өрт мектеп бөлмелерінің бірінде шығып, кейін шатырға жайылған.

Еске салайық, өрт 21 сәуірде таңертең шыққан. Торайғыров көшесінде орналасқан төрт қабатты №28 мектеп жанып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети