Павлодарда оқушыны қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі айыппұлмен құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда оқушыны қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі айыппұлмен құтылды YouTube видеоролигінен алынған кадр

Павлодарда оқушыны жаяу жүрушілерге арналған жолақта қағып кете жаздаған автобустың жүргізушісі айыппұл төлеп, құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда оқушыны жаяу жүрушілерге арналған жолақта қағып кете жаздаған автобустың жүргізушісі айыппұл төлеп, құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, оқиға болған кезде облыстағы ірі кәсіпорындардың біріне тиесілі автобусты 36 жастағы павлодарлық басқарған. "Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл үшін оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды, ол - 19 820 теңге", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушінің айтуынша, жанында тұрған жол талғамайтын көліктің кесірінен ол оқушыны байқамай қалған. Сонымен қатар, полициядағылар жүргізушінің жұмыс орнына тиісті түсініктемелердің жолданғанын хабарлады. "Кәсіпорынға жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерге жолда жүру ережелерін үйрететін қосымша сабақ өткізу туралы ұсыным жолданды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы Интернетте пайда болып, тексеру басталды. Роликтен қолында гүлі бар ұл баланың жаяу жүрушілерге арналған жолақ арқылы жолдан өтіп бара жатқанын көруге болады. Жолаққа жетпей жеңіл автокөлік тоқтап, баланы өткізіп жібереді. Жолақтың жартысына келгенде дабыл қағып, жылдамдығын азайтпаған күйде автобус өте шығады. Оқушы уақытында тоқтап үлгерді, сөйтіп мектепке қарай кете барды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети