13 наурыз 2022 10:28

Павлодарда өрт сөндірушілер ер адамды өрттен құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда ер адам мен оның мысығын өрттен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Павлодарда ер адам мен оның мысығын өрттен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қала орталығындағы 5 қабатты үйден өрт шыққан. Төртінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтерде жиһаз, тұрмыстық техника жанып кеткен. 

©Павлодар облысы ТЖД

"Тексеріс барысында 1-МӨСБ аға инженері Ерлан Бөлежанов пен аға шебер Жасқайрат Доламбаев 1972 жылы туған пәтер иесін құтқарып, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

©Павлодар облысы ТЖД

Қазір зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ер адам уланған және сол жақ балтыры күйіп қалған.

©Павлодар облысы ТЖД

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден үй жануарын тапқан. Мысық шала-жансар күйде болған. Тыныс алу аппаратының көмегімен қызметкерлер жануарды құтқарып қалған.

Өрттің себебі темекі шеккен кезде отты абайсыз қолданғаннан болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үйден 9 адам өз бетінше шыққан.

"Оқиғаға ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 7 техника, медицина мен полиция орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Шығын мөлшері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін құқықбұзушыға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети